Жарияланды: 04.04.2020

Назардан тыс қалдырмайды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы қаладағы ең үлкен аумақ саналады. Бүгінде аталмыш аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі таңда Республика, А.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Молдағұлова, Қазыбек би, Ю. Рашидов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне дезинфекция жұмыстары сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан жүргізілді. Алдағы уақытта аудан аумағындағы шағынаудандарда да жалғасатын болады. Қала тазалығын ұдайы назарда ұстайтын аудан әкімдігі залалсыздандыру жұмыстарын де назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Атқарылған жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

683 қаралым