Жарияланды: 04.04.2020

Қаланың «өкпесі»…

«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-і бүгінде қыруар жұмыс атқаруда. Қаланың лас ауасын тазартатын «өкпесі» іспеттес дендросаябақта отырғызылған ағаштарды күтіп қана қоймай, жыл сайын тұқым жаңартып, түрлі селекциялық жұмыстар атқарылады. Оған кәсіпорын ғалымдарының қосып отырған үлесі қомақты. Дендросаябақта қала аумағында сирек кездесетін ағаш бұталардың тұқымдарының 60 түрі жиналып, тазартылуда және тазартылған тұқымдар арнайы қалташаларда сақталуда. Оларды будандастырып, жаңа тұқым шығару да селекционерлердің ерен еңбегін талап етеді. Әлемнің әртүрлі елінен әкелінген ағаштардың қаладағы газды, улы ауаны бойына сіңіріп, тазалайтын түрлі ағаштар бар. Мамандар сол ағаштардың тұқымын көбейтіп, күтіп баптау жұмыстарымен де айналысады.

948 қаралым