Жарияланды: 04.04.2020

Тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендросаябақтың А.Байтұрсынов көшесімен кіреберіс қақпасының алдында 100-ге жуық Калифорния терегін отырғызды. Сонымен қатар тазалық жұмыстары да жүргізілді. Табиғатты қорғауға көп жылдар бойы зор ықыласымен еңбегі сіңген азаматтар құрмет қошеметке ие болды. Расында табиғат жанашыларының еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық. Соншама үлкен аумақта алып жатқан ауқымды дендросаябақты күтіп, баптап, тазалап ұстау да оңай шаруа емес. Ағаштарды бұтап, олардың шынар болып өсуі үшін дәрілеп, күтіп ұстау да асқан төзімділікті қажет етеді. Ендеше дендросаябақ қызметкерлерінің талмай төккен тері, еткен еңбектері елеуге тұрарлық-ақ.

 

707 қаралым