Шымкент қаласы әкімінің №11 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ң басты қақпасының маңдайшасындағы «DENDROSAIABAQ» латынша жазуы «А.Асқаров атындағы Дендросаябақ» кириллицага жазуына ауыстырылып, басты қақпаға орналастырылды. Сондай-ақ, бұл атау түнгі уақытта бірнеше түрлі-түсті жарықтармен ауысып қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, түнгі қаланың көркін ашып тұр.