А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Байтерек» ағаш егу экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және басқармаға бағынысты «Жасыл белдеу» мен А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының 150 жуық қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы дендросаябақ аумағына 200 қылқан жапырақты және 800 түп жай жапырақты жас көшеттер отырғызылды. Аталған акция төңірегінде Шымкент қаласының қазынашылдық департаментің басшысы Қарлығаш Асанқызының бастауымен ұжым қызметкерлері 8 түп Қырым қарағайын екті.
Аталған акциядан бөлек, Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және басқармаға бағынысты «Жасыл белдеу» мен А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының қызметкерлері Қ.Төлеметов көшесінің бойында қалдық қоқыстарды тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Жарияланды: 04.04.2020