Жарияланды: 05.04.2020

Жұмыс өз уақытында атқарылды

Шымкент қаласындағы «Жасыл белдеу» серіктестігі қала аумағындағы саябақтар мен орман шаруашылығы аумақтарында өрт қауіпсіздігін алдыңғы кезекке қояды. Саябақ аумағына келіп, демалушылардың қауіпсіздігін де естен шығармайды. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі-бірінші кезектегі мəселе. Өрт қауіпі басым маусымы басталуға аз ғана уақыт қалды. Әсіресе аптапты жаз мезгілінде саябақ аумақтарындағы шөптердің тұтанып, өртке ұласу қауіпі басым. Сондықтан да орман алқаптарын, саябақтарды өрттен көздің қарашығындай сақтау — басты міндет болып саналады. Орманға барар жолда, демалатын жерлерде, саябақтарда, дендросаябақта хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жасалған. Оның үстіне аумақтарда арнайы техникалармен жерді жыртып, өрттен қорғау белдеулерін жасайды. Биыл да аталған жұмыс өз уақытында атқарылды.

1 101 қаралым