Жарияланды: 05.04.2020

Ұлттық брендті ұлықтау…

Шымкентте ерекше ескерткіштер жетерлік. Солардың бірі Түркістан сарайы алдында ашылған Домбыра монтументі. Биіктігі 7 метрлік алып домбыра алыстан көзге шалынады. Салмағы 500 келі тартатын ескерткішті Суретшілер Одағының мүсіншілері жасаған. Меценаттардың қаржысына тұрғызылған. Металдан жасалған монумент ерекше үлгісімен тамсандырады. Тас мүсін Ұлттық домбыра күніне орай ашылған болатын. Қазақ халқының басты брендіне айналған домбыраны ұлықтау сан ғасырлық тарихымыздың құндылығын дәріптеуден басталса керек. Ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген. Керемет бір ерекшелігі, жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Шымкенттіктер енді мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады. Домбыраны жасауға төрт ай уақыт жұмсалған. Бүгінде ескерткіш ерекше күтімге алынған. Қаланың басты мәдениет ғимаратының алдында орналасқан домбыраны тазалық мекемесі апта сайын сүртіп, тазалайды, күтіміне бей-жай қарамайды.

949 қаралым