Шымкенттегі дендрологиялық саябақ кәсіпорны мамандарының талмай еңбектенуінің арқасында бүгінде аталмыш бақта жыл сайын жаңа сұрыптар алынып, өндіріске ендірілуде. Саябақ мамандары ағаштардың тұқымын жинау маусымында талапқа сай әр ағаш тұқымын жинап алады. Жинап алғаннан кейін де оның кезегімен атқарылатын жұмыстары көп. Мекеме мамандары жиналған тұқымдарды қоспалардан тазартып, сұрыпттайды, кептіреді. Жиналған тұқымдардың сапасын анықтау үшін «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы» мекемесіне үлгілерді жібереді. Жоғары сұрыптары іріктеліп алынып, егіледі. Топыраққа себілген тұқымдар көшетке айналып, келешекте денбросаябақ аумағына егіледі. Дендросаябақтың жасыл желегі жайқалып өсуі үшін қаншама еңбекті қажет етеді. Өз кезегінде демалушылар да дендросаябаққа құрметпен қараса деген мамандардың тілегі бар.
Жарияланды: 05.04.2020