Жарияланды: 05.04.2020

Ең таза аудан…

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы қаладағы ең таза ауданның бірі. Аумағы ең үлкен аудан болғанына қарамастан мұнда тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Оған аудан тұрғындарының қосар үлесі де қомақты. Үй төрайымдары көпқабатты үй тұрғындарына тазалық сақтау жөнінде үндеу тастап, қадағалау жүргізіп отырады. Әрі әр жыл сайын «Таза қала» байқауына қатысып тұрады. Жүлдесіз қалған жері жоқ. Мұның бәрі де аудан тұрғындарының бір кісідей атсалысып, біріге тазалық шараларын жүргізуінің арқасы. Күні кеше аудан аумағындағы Тауке хан, Д.Қонаев, А.Байтұрсынов, Түркістан, Ғ.Иляев, Т.Әлімқұлов, Төле би, К.Тоқаев, Ж.Адырбеков көшелерінде және тротуарлар, аялдамалар және басқа да қоғамдық орындарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

755 қаралым