Жарияланды: 07.07.2018

Жобалау жұмыстары басты назарда

Кәсіпорындарды керекті инфрақұрылымдары мен әлеуметтік нысандарын, тұрғын үйлерімен қоса кешенді түрде жобалау қажет. Түркістан облысындағы «Тассай» индустриалды  аумағында мыңдаған адамды жұмыспен қамтитын зауыт-фабрикалар бой көтеруде. Аумақ барлық жағынан аз қабатты тұрғын үйлермен қоршалған. Кәсіпорындар толық іске қосылған жағдайда бұл аумаққа адамдар мен көліктің көптеп ағылатыны белгілі. Осыған орай жол, көлік инфрақұрылымы ауқымды етіп жобалау қажет. Оған дайындық қарастырылған Аумақтың жұмысшы, қызметкерлерін айналасында орналасқан тұрғындар емес, көбіне қажетті мамандар қала орталығынан қатынап істейтін болады. Көлік нөпірі таңертең, кешкілік, тіпті түс мезгілінде де аумаққа алып келетін екі көше – Жібек Жолы және Алматы тасжолдарын жауып, кептеліс туғызары даусыз. Сондықтан да ірі өндіріс орындарын жобалау барысында аумақтың егжей-тегжейлі жоспарын біртұтас етіп, кәсіпорындармен қатар тұрғын үйлер, әлеуметтік, сауда және кеңсе ғимараттарын қарастыра отырып жобалауды қажет еді. Алдымен кәсіпорындар мен жолдар, кейіннен коммуникациялар мен қажетті тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар. Барлығын да алдын ала жобалап алу қажет. Бүгінде облыстағы индустриалды аймақтар әр тарапта орналасқан. Қала орталығына қашықтау. Сондықтан да мамандар  алдағы уақытта көлік кептілістері орын алмау үшін барлығын да алдын ала жобалап алу қажет деп санайды.

1 086 қаралым