Жарияланды: 06.04.2020

Әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды

Шымкент қаласында бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму бағытында көптеген игі шаралар атқарылуда. Бадам өзені үстінен өтетін өткелге реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл көпір өткен ғасырдың 60 жылдары қолданысқа беріліпті. Сол уақыттан бері жөндемді жөндеу көрмеген. Апатты жағдайда болған өткел қайта құру жұмыстарынан кейін ені ұзарып, алты жолақты жолға айналады. Өндірістік кестеге сай нысан биылғы жылдың қарашасында пайдалануға беріледі.

Д. Қонаев көшесінің құрылысы да қыз-қыз қайнап жатыр. Көпірдің ұзындығы 100 метр, ені 32 метрді құрайды. Бұл жол пайдалануға берілгенде қаладағы көлік кептелісі реттеледі дейді жол саласының өкілдері. Нысан құрылысының келесі сатысында осы аумақтағы 200 — ден астам тұрғын үйдің жері мемлекет мұқтажына қайтарылады.

Кептелістен көз ашпайтын Республика даңғылы да жуырда орта жөндеуден өтеді. Жоба бойынша 4 жолақты көше 3 жолақты болып, қалған бөлігі автотұраққа беріледі. 5 шақырымды нысанның құрылысы наурыз айында басталып, келер жылдың аяғына дейін жалғасады. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқна жұмыстардың бір парасы ғана.

756 қаралым