Жарияланды: 06.04.2020

«Тұран» құрылыс алаңына айналмақ

«Тұран» шағынауданы Шымкент қаласындағы жаңа аудандардың бірі. Алдағы 3 жылда Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында 384 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақ. Қазірдің өзінде бұл жерден 20 баспана бой көтерген. Жақын болашақта бұл жерден зәулім тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Мектеп, аурухана, емхана сынды әлеуметтік нысандардың жобасы қаралып жатыр. Жыл соңына дейін 80 баспананың құрылысы қолға алынады. Бүгінгі таңда 42 үйдің мердігері анықталып, оның 20-да құрылыс басталды. 26 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы жұмыстар қызу жүргізілуде.

764 қаралым