Жарияланды: 06.04.2020

Қала әкімінің бақылауында тұр

«Асар-2» Шымкенттің шетіндегі шағынаудандардың бірі. Осы шағынауданда 1200 орынды жаңа мектептің құрылысы қызу жүрігзіліп жатыр. Шымкенттің шеткі аумағындағы елді-мекен балалары мектеп тапшылығы салдарынан 3 ауысымда білім алып келеді. Қалаға қатынап оқу да оңай емес. Осы түйіткілді шешу үшін білім ғимаратының құрылысына қарқын беріліп отыр. Нысанның құрылысы өндірістік кестеге сай жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс. Құрылыс сапалы әрі уақытылы аяқталады дейді мердігер мекеме мамандары. Бастысы, инфрақұрылыммен қамту мәселесі де назардан тыс қалмайды. Аталған білім бесігі қала әкімінің бақылауында тұр.

808 қаралым