Жарияланды: 06.04.2020

«Шымкент сити» аумағындағы мектеп пайдалануға дайын

Шымкент қаласындағы «Шымкент Сити» аумағы шағын қалашық іспетті. Жыл жылжыған сайын халқы да көбейіп, аумағы да ұлғайып келе жатқан Шымқаланың ішіндегі қалашық расында жоспарға сай даму үстінде. Қалашықтағы жаңа мектеп пайдалануға дайын. 1200 орындық білім ғимараты заманауи талаптарға сай салынған. Мектеп төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға сақадай сай. Нысан іске қосылғанда осы аумақтағы 3 ауысымды мектеп мәселесі шешімін таппақ. Қазір қалада мектеп құрылысы қарқын алған. Салынып жатқан 13 білім ғимаратының 7-уі жыл соңына дейін шәкірттердің игілігіне тапсырылатын болады.

773 қаралым