Жарияланды: 06.04.2020

Сапа бағаға сай

Шымкентте баспанаға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Осыны ескерген билік өкілдері тұрғын үй құрылысына қарқын беріп отыр. Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында салынып жатқан  көпқабатты тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Отырар.кз». Қазір мұнда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бағаға сапа сай. Құрылыс шығындарына кеткен қаражатты есептей келе қала билігі Үкіметке тұрғын үйлердің бағасын көтеруді ұсынып отыр. Қолдау тапса, қолжетімді баспаналардың шаршы метрі 200 мың теңгеден сатылады. Осыған дейін 180 мың теңгеден сатылып келген. Айта кетейік, шаһарда биыл 77 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынады. Жыл соңына дейін 32 баспана ел игілігіне беріледі. Ағымдағы жылы 250 көпбалалы отбасы мен 100-ден астам әлеуметтік осал топ өкілдері мен 900 жас қоныс тойын тойлайтын болады.

696 қаралым