Жарияланды: 06.04.2020
Бюджет нақтыланды
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 63 сессиясы өтті. 26 депутаттың басым бөлігі төтенше жағдай ескеріліп қашықтықта байланысты болды. Онлайн режимде өткен сессияда бюджет нақтыланды. Оның көлемі 356,2 млрд-тан 413,0 млрд. теңгеге үлғайды. Өсім 57,7 млрд. теңгені құрады. Төтенше жағдай кезінде елде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала бюджеті қайта қаралды, деп хабарлайды «Отырар.кз». Қаржылар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерді қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталады. Осындай 224 жобаны жүзеге асыруға 42 млрд. теңге бөлінді. Іске асса 8 мың 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Қаржылардың 70 пайызы облигация ретінде қолданылады. Облигацияларды шығаруға 18.6 млрд. теңге жұмсалады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 35 үйдің құрылысына облигация- 25 млрд. теңге көлемінде қарастырылды», дейді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.
2020-04-06
909 қаралым