Жарияланды: 06.04.2020

Қаржы маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталады

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 63 сессиясында «Тұран» шағынауданындағы магистральды су құбырының құрылысына 1,5 млрд. теңге бөлінді. Депутаттардың назарына ұсынылған жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін реттеу туралы шешімге өзгерістер енгізу мәселесі еш талқылаусыз қабылданды. Кей депутаттар қашықтықтан қатысқан онлайн сессияда азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру, мемлекеттік -жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау мәселелері бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды «Отырар.кз». Қазіргі төтенше жағдай ескеріліп, жұмыспен қамту жол картасына осыған дейін бөлінген қаржы көлемі қайта қаралды. Қаржы маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. 4,9 млрд. теңге Көмеш бұлақтағы 3-ші Газ тарату стансасының құрылысына бөлінеді. Әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік бағыттары 2 млрд. теңгеге субсидияланатын болды.

 

655 қаралым