Жарияланды: 06.04.2020

9 қабатты үйдің іргетасы қаланады

Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығындағы құрылыс алаңында жер жұмыстары аяқталып, жақында 9 қабатты үйдің іргетасы қаланады. Тағы үш тоғыз қабатты үйде 52 дана бір қабатты 104 2 бөлмелі және 156 3 бөлме жылдың соңында тапсырылса қаладағы баспана кезегінде тұрған 40 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешілмек, деп хабарлайды «Отырар.кз». Қарлығаш Мамырғалиева, құрылыс департаментінің директоры: «Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» 2018 жылдан бастап «7-20-25 » мемлекеттік бағдарламасы «Баспана» желісі бойынша 24 тұрғын үй салуды қолға алған. 3 айда ол үйлерді мемлекеттік комиссия қабылдап алады. 14 үй «Тұран» шағынауданында 10 бес қабатты тұрғын үй «Асар» шағынауданында бой көтерген».

1 174 қаралым