Жарияланды: 06.04.2020
Серіктестік үлкен нарыққа шықты
Шымкент өндіріс аймағында орналасқан «Сracking catalуst » ЖШС -і дайын өнім шығарып, оны нарыққа шығарып сатуды бастады. Жұмысшыларына жалақыға қосымша сыйақы төлеп қана қоймай, қала бюджетіне қомақты салық төлеп, қайырымдылықтан да қалыс қалмай келеді. «Сracking catalуst » ЖШС -нің жүк түсіретін алаңында жұмыс қызып тұр, деп хабарлайды «Отырар.кз». Шетелдік серіктестерден келген шикізатты қоймаға тасу керек. Мына қаптардағы каталитикалық крекинг өндіріске қажетті басты шикізат. Кәсіпорын қытайдың компанияcымен тығыз қарым-қатынаста. Тәжіхан Жақсыбаев, «Сracking catalуst » ЖШС-інің бас директоры: «Өткен жылды жемісті қорытындыладық. Біздің кәсіпорын үшін табысты жыл болды. Жоспарларымыз жүзенге асып, дайын өнімді толық көлемде шығардық және оны өткіздік. Түскен табыстан жергілікті қазынаға салықтарды дер кезінде төлеп, жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйақы да бердік». Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған осындай серіктестіктер Шымкентте көп.
2020-04-06
724 қаралым