Жарияланды: 06.04.2020

Көгалдандыруда ерекше орын алады

Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-сі тұқымбағында қарағаш тұқымдарын себу жұмыстары басталды. Қарағаш қазақ даласының төл ағашы, мықты, табиғаттың тосын мінездеріне шыдамды. Қарағаш мыңдаған жыл табиғаттың желі мен шөлін жеңіп келеді, бағалы орман ағашы әрі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады. Халық медицинасында кең тараған. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен, түрлі үй жиһаздарын жасау үшін, құрылыс материалы ретінде қолданылады. Осындай қасиеттерге ие, бар ағаштың — нар ағашы біздің қаламызды көгалдандыруда ерекше орын алады. Топыраққа себілген тұқымдар, болашақта жасыл желекке айналары сөзсіз. Табиғат қорғаушылары қарағаштың өсіп, өркендеуі үшін еңбектенеді.

804 қаралым