Жарияланды: 06.04.2020

Мектеп құрылысы бойынша республикада көш бастап тұр

Халқының саны 1 миллионнан асқан Шымкент мектептің құрылысы бойынша республикада көш бастап тұр. Шымкент әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы Шымкентте 10 мектеп салуды жоспарлап отыр. Жаңа нысандар «Тұран», «Жаңа Тұрлан» шағынаудандарында да бой көтеретін болады. Оны инвестор тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 инвестор келісім беріп те қойған, деп хабарлайды «Отырар.кз» .Байбосын Бектұрсынов, кәсіпкер: «№79  мектептің ауласында  жаңа мектеп ғимаратының құрылысын биыл тамыз айында  бастамақпыз. Құрылыс оқу процессіне еш кедергі болмайды, аумақ қоршалады және қауіпсіздік шараларды қамтамасыз етеміз. Мектепті келер жылдың жаңа оқу жылында бітіруге тырысамыз». Шымкент аумағында 140 мектеп бар. Үш аусымдық және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында биыл бюджет есебінен 13 мектеп салынады. Қарлығаш Мамырғалиева, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ құрылыс департаментінің директоры: «Жансүгіров көшесіндегі № 79 мектептің аумағында 300-400 орындық жаңа мектептің құрылысы биыл басталып,  пайдалануға келесі оқу жылында тапсырылмақ. Бұдан бөлек, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Сайрам тұрғын алабындағы қойма болған бір қабатты  №109 мектепте оқып жатқан 300-ге тарта оқушы үшін жаңа мектепті салып беретін инвестормен келісімшарт түзген».

787 қаралым