Жарияланды: 06.04.2020

Қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосып келеді

Ашылғанына биыл 3 жыл болатын кәсіпорын өндірісте аса қажетті каустикалық сода өндіреді. Кәсіпорынның басты бағыты — Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту, деп хабарлайды «Отырар.кз». Бұл қондырғылар жанар-жағармай мен мотор майларын өндіруде барысында мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді.

Тәжіхан Жақсыбаев, «Сracking catalуst » ЖШС-нің бас директоры: «Тоқтаусыз істеп тұрған өндірістің арқасында, әлеуметтік жобаларға үнемі қатысып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлесімізді қосып келеміз. Біздің ұжым қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес. Былтыр спорт мектептеріне құрал-жабдықтар, балаларға спорт киімдерін сатып алу үшін қорға қомақты қаржы аудардық. Жұмысшыларымыз ыстық тамақпен қамтылған, тоқсан сайын жалақыларына қосымша сыйақы алып тұрады».

Серіктестік басшылығы жыл басында алған қарқынымызды бәсеңдетпей, дәл осы бағытта жұмыс жасап, биыл да жақсы көрсеткіштерге жетеріне сенімді. Ол үшін жұмыс күші де, қажетті шикізат та замануи жабдық та бар.

797 қаралым