Жарияланды: 06.04.2020

Қол күшімен сырланып, жаңартылды

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК аумағында көптеген ескерткіштер, мүсіндер бар. Табиғат мезгілдеріне орай жаңбыр, қар салдарынан кейбірінің сыры кетіп, мүжіліп, кейіпі кете бастайды. Көктем басталғалы барлық мүсіндер жұмыскерлердің кол күшімен сырланып, жаңартылды. Бүгінгі келбеті көз тартарлықтай. Одан бөлек, бақ аумағындағы демалушыларға арналған орындықтар да, сырланып, жаңаланып жатқан жайы бар.

829 қаралым