Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бүгінде көптеген шаралар қолға алынған. Әлеуметтік бағытта көптеген емхана, мектептер салынуда. Ал қаламызға келетін туристер мен қонақтардың ең алдымен табан тірейтін жері Шымкенттегі темір жол вокзалын реконструкциялау жоспары да биыл басталады. Қазіргі таңда жобалау- сметалық құжаттары нақтыланған. Вокзалдың сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары бірнеше кезеңге созылуы мүмкін. Жобада осы аумақтағы көлік кептелісін реттеу үшін автотұрақтарды жүйелі орналастыру да қарастырылған.
Жарияланды: 06.04.2020