Жарияланды: 06.04.2020

Кәсіпкерлердің асығы алшы

Жыл жылжыған сайын шымкенттік кәсіпкерлердің қатары толығып келеді. Отандық өнім өндіруге жергілікті кәсіпкерлердің асығы алшы. Қазіргі таңда  

жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл басынан бері 69,4 мың бірлікті құрап отыр, яғни, 119,6 пайызды құрайды. Кәсіпкерлер бүгінде экономиканың қозғаушы күшіне айналғаны рас. Өнім өндіріп, отандық өнім нарығын дамытып отырса, екншіден салық төлеп, қазына қоржынын омақтыландыруда. ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 147,8 мың адамды құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 630,5 млрд теңгенің өнімін шығарған. «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 557,5 млн теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде:
Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 155 жобаға 2 155,5 млн теңгеге, Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 35 жобаға 250 млн теңгеге, Мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 55 жобаға 152,0 млн теңгеге. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 114,9 млн. теңгеге 92 шағын несиелер берілді.
Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 50,0 млн теңгеге 42 жобаға қолдау көрсетілді. Несиеден несібесін арттырып, бизнестің биігін бағындырып, әлеуметтің әлеуетін арттыруға үлес қосып отырған кәсіпкерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады.

762 қаралым