Жарияланды: 08.07.2018

Заманауи зертхана

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұдайы студенттердің қатысуымен ғылыми- тәжірибелік  конференциялар өтіп тұрады. Жуырда ғана оқу орнында өткен басқосуға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы ЖОО студенттері арнайы қатысып, көпсалалы инновациялық жобалар аясындағы жетістіктерімен бөлісті. 81 секция бойынша 3 500 баяндама оқылды. Университет те техникалық мамандықтарға басымдық жоғары. Сондықтан бүгінгі таңда 21 жаңа зертхана, индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6 жаңа заманауи зертханалар ашылып, жұмыстар жасалып жатыр. Түркістан облысындағы индустриалды инновациялық даму бағдарламасына қосып отырған үлесі орасан. Бүгінгі конференцияға қатысқан студенттердің барлығы осы университтеттің зертханаларында өзінің ғылыми жұмыстарын жетекшілерімен бірлесе жасаған жұмыстарын баяндады. Шынар Атамбай, ОҚМУ филология факультетінің студенті: «Бұл конференция студенттер үшін болашаққа нақты қадам басу және жетістіктің көзі деп санаймын. Сондай-ақ, бұл жерде ғылымдар сайысы болып жатыр десек те болады. Мықтыларды анықтап, оларды бұдан да ауқымды шараларға қатыстырады. Сондықтан бұл конференция маған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын». Мұрат Ильяс, ОҚМУ студенті: «Менің жобамның тақырыбы «Баламалы энергия бағытындағы биологиялық батареялар». Яғни, біз күріштің қауызынан биологиялық батарея шығардық. Одан күтетін нәтижеміз болашақта күн және жел электроэнергиясының орнын алмастырып, биологиялық батареялар арқылы көше шамдарын және телефондарды зарядтауды жоспарлап отырмыз».

Шынар Оразова

1 751 қаралым