Жарияланды: 06.04.2020

Ағаштарға күтім жасалуда

Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл белдеу» КММ-не қарасты Айкөл орман шаруашылығында арамшөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тұқымбақ пен 1000 га алма бауында бүгінгі күнде ағаштардың түбін қопсыту, арамшөптерден тазарту және уақтылы суару жұмыстары атқарылды. «Жасыл белдеудің» жалпы шымқаладағы қоршаған ортаны, табиғатты қорғауда үлесі зор. Мамандар әрдайым қаланың жасыл желекке бөленіп, жайқалып тұруы үшін тер төгуде. Одан бөлек «Жасыл белдеу» КММ-не қарасты 25 гектар алқапты құрайтын «Шымсая» шатқалында арамшөптерден тазартып, ағаштарға күтім жасалуда. Осылайша шатқалды жасыл желекке оранған саябаққа айналдырып, «Жасыл қала» атанған Шымқаламыздың жасыл белдеуін қалыптастыруды басты мақсат ұстанып отыр.

833 қаралым