Шымкент жылыжайлар отаны екендігі белгілі. Одан бөлек, шымқаланың шеткі аумақтарында жеке шарушылық иелері қаланы көкөністермен қамтамасыз етеді. Дәл қазіргі уақытта еңбекқор дихандар кетпенін күнге сүйдіріп көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кеткен. Көктемнің бір күні жылға азық екенін білетін шаруа қызу еңбек майданына кіріскен. Шымкент қаласының іргесіндегі әуежай аумағындағы алқаптарда көктемгі дала жұмыстары қарқын алған. Тракторлар жер аударып жатса, екіншісі жер қопсытуда. Қаланың дамуына теңіздің қасындағы тамшыдай болса да дихандардың үлесі бар.
Диқандар «төтенше жағдайдың салдарынан қырыққабатты биыл кеш отырғыздық», — дейді. Көрші алқапта құлпынай мен сарымсақты шаруа былтыр еккен, өнімді биыл мамырдың ортасында аламын деп жоспарлауда.
«Карантин жарияланғаннан бері егістіктің басында түнеп жатырмыз. Көрші дихандардың жерін суғаруға көмектесіп жатырмыз. Жұмыс көп, еңбектеніп жатырмыз» дейді шаруа.