Жарияланды: 06.04.2020

Табиғат қорғаушылары

Дендрологиялық саябақ қызметкерлерін нағыз табиғат қомқоршылары деуге болады. Мұнда тек қана жасыл желекті күтіп баптап қоймай, бақтағы аң құстарға да қамқорлық жасалады. Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, дендросаябақта мекен ететін жануарлар мен құстардың санын ұлғайту мақсатында, жуырда Түркістан облысы Сырдария-Түркістан өңірлік паркінен 10 дана Сырдария қырғауылдары әкелініп, Шымкент қаласының А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына» еркіндікке жіберілді.
Бүгінгі таңда дендрологиялық саябақта қырғауылдардың саны 72 данаға жетті. Алдағы уақытта дендробақ мамандары құстарды қоректендірумен де айналысатын болады.

1 050 қаралым