Жарияланды: 07.04.2020

90 пайыз зарарсыздандырылды

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы қай салада болмасын әрдайым қарқынды жұмыс атқарады. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бүгіне ауданда тазалық жұмыстарынан бөлек, залалсыздандыру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағының 90 пайызы толық зарарсыздандырылды. Басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

726 қаралым