Төтенше жағдай, карантин енгізілгеннен бері Шымкент қаласындағы коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын тоқтатпады.
Коммуналшылар үйлерінде отырған тұрғындардың аула аумағындағы қоқыс алаңдарындағы темір жәшіктерге тастаған тұрмыстық қалдықтарын мерзімінде алып кетіп жатыр, деп хабарлайды «Отырар.кз».
Нұрлыбек Сағындықов, көлік жүргізушісі: «Абай ауданындағы Шәмші Қалдаяқов, Гагарин көшелерінен бастап 4-ші шағынауданы, «Тұрлан» тұрғын алабындағы аумақтардағы қоқыс алаңшаларынан тұрмыстық қалдықтарды шығару міндеттелген. Сақтық шараларын сақтап, өз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Карантинде де жұмысымызды тоқтатпадық».
Қала тазалығына жауапты коммуналшылар тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды темір жәшікке тастауды, ал құрылыстан жиналған қоқыстарды төтенше жағдай аяқталған бойда көлік шақырып, арнайы қоқыс полигонына жеткізуді сұранады.