Жарияланды: 07.04.2020

Көшеттерді жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» отандық және дүниежүзілік дендрофлора түрлерін интродукциялау, оларды сақтау, кешенді түрде зерттеу және тиімді пайдалану жолдарын анықтаумен айналысады. Саябақтың аумағы – 117,04 га. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Татыбаевтың мәлімдеуінше қазіргі таңда саябақта ағаш-бұта өсімдіктерінің 261-ге жуық түрі, 100 000-нан аса ағаш-бұталар бар. Тұқымбақта 5801 түп көшет өсірілуде. 2019 жылдың 9 айында 1,5 га тұқымбақта саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың тұқымдарынан жиналған көшеттер егіліп, өсірілді. Дендросаябақтың гендік қорын көбейту үшін, 30 түрлі интродуцент көшеттерді жерсіндіру көзделуде.

 

871 қаралым