Жарияланды: 07.04.2020

Аулаларда абаттандыру басталды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданында бүгінде коммуналшылардың жұмысы қауырт. Бүгінгі жағдайға қарамастан қала тазалығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыс атқаруда. Одан бөлек, Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің аясында Әл-Фараби ауданы аумағында 100 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Т.Әлімқұлов көшесі №2, №4, Қарасу шағынауданындағы  №3а, №4б,  №14, №82,  №25, №29,  №58,  №85, Ә. Молдағұлова көшесі №4, Молдағұлова көшесі №15а, Суриков көшесі №3 үйлерінің аулаларын аббаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

751 қаралым