Жарияланды: 07.04.2020

Көшені көріктендіру мақсатында…

Шымкент қаласындағы көлік көп жүретін маңызды көшелердің бірі А.Байтұрсынов көшесі. Аталған көшеде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Алдымен жылу құбырлары алмастырылса, енді орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш көше бойында маңызды оқу орындары мен халық көп баратын банк, диагностикалық орталық орналасқан. Аталған көшені көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңда 170-ге жуық көшет егілді. Қаламыздың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынуда. Бүгінде жұмыстың біршама бөлігі аяқталды. Құрылысты мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Сондай-ақ, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдамалар орнату да жоспарланған.

758 қаралым