Қаланың тазалық жұмыстары жоспар бойынша атқарылуда. Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Т.Қасымбековтың айтуынша қаланың ұзындығы 835 шақырымды құрайтын 156 көшесі қолмен және осы көшенің 153-і механикалық тазалаумен қамтылған. Одан өзгесін мердігер мекеменің жұмысшылары күнделікті тазалайды. Қала көшелерін қыс айларында қардан тазалау, инертті материалдар себу және жаз айларында көшені жуу, су себу жұмыстарын 4 мердігер мекеме атқарады. Басшы қала аумағын көгалдандыру, саябақтар мен гүлзарларды, су бұрқақатарын, аяқ жолдарды, өзен-каналдарды, ирригация жүйлерін, ескерткіштер мен басқа да нысандарды күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтып отыр.
Жарияланды: 07.04.2020