Жарияланды: 07.04.2020

Тазалықшының бір күні…

Гүлдана Бестаеваның көше тазалаушы болып жұмыс істеп жүргеніне де 10 жылдан астам уақыт болыпты. Жұмыстары таңғы сағат алтыда басталады. Ол үшін 4-те тұрады. Қала сыртында тұрғаннан кейін сағат 5-ке таяу арнайы көлік келіп алып кетеді. Таңғы алтыдан басталған жұмыс күн шақырайып тал түстен асқанша жалғасады . Тап-тұйнақтай болып тазалық орнауы үшін көп тер төгеді. Шымкент қаласындағы Желтоқсан көшесі бойымен Мәделі Қожа көшесіне дейінгі жерді сыпырып тазалау міндетіне кіреді. Екі бағдаршамның аралығы. Көше бойларының тазалығын бригадирлер тексеріп тұрады. Көше бойларының тап-таза жарқырап тұруы осындай тазалықшылардың арқасы.  

1 298 қаралым