Жарияланды: 09.04.2020

Тазалық жұмыстары үзіліссіз жүргізіледі

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан атқарылуда. Аудан әкімшілігі қала тұрғындарына өтініш жасап отыр. «Қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауға және тазалық жұмысын жасап жүрген апа-ағаларымыздың еңбегін бағалауға шақырамыз. Тазалық-денсаулық кепілі!» деген әкімшілік қызметкерлері бұл тараптағы жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын айтып отыр. Шымкентте сәуірде жауған қарды көтере алмай құлаған ағаштарды жинап, көше мен аулаларда қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әл Фараби ауданының тұрғындары әкімшілік қызметіне риза болып отыр. Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты на рахметін айтып жатыр. Ауданның белсенді тұрғындарының ортақ чатына әлі де тазалануы қажет аумақтардан фото хабарламалар келіп жатыр. Ортақ чатта тұрғындар қала тазалығына қатысты мәселелерді талқылайды. Атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдірсе, көлеңкеде қалып кеткен мәселелер болса аудан әкімдігіне жолдайды. Кері байланыс жоғары деңгейде. Тұрғындар тарапынан айтылған шағым дер кезінде орындалады.

 

879 қаралым