Жарияланды: 09.04.2020

Шағынаудандар да назардан тыс қалған жоқ

Шымкентте жауған қардың салдарымен күрес жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаладағы коммуналшылардың жұмысы қыза түскен. Қала орталығынан бөлек, шағынаудандарда да тазалық жұмыстары басты назарда тұр. Ұ. Арғынбеков көшесінің бойындағы тал-дарақтар қардан тазартылуда. Көше бойын тазалықшылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан тазалап шықты.  9-шы  сәуірде қаланың бірқатар аумақтарында электр қуаты сөніп,  абоненттер  жүйеден ажыратылған еді. Әл Фараби аудандық электр тарату бөлімшесінің бригадасы Ж. Тәшенов көшесінде орын алған ақауларды  ретке келтіруде. Мұнда су қардың салмағынан ағаштар құлап  бағанаға зықым келтірілген. Коммуналшылар сынған ағаш-бұтақтарын тап-тұйнақтай етіп, тазалап кетті. Талғат Тәшімов, бас инженер: «Әл Фараби ауданында 5 жерде  жоғары  кернеулі желілері сөндірілген.   8 бригада 4 техника  жұмыс жасап жатыр. Кешке дейін электр жарығын қосамыз».

941 қаралым