Жарияланды: 09.04.2020

Жүйелі жалғасатын болады

Шымкент қаласында бүгінде тазалық мәселесі басты орында тұр. Коммуналшылар күн-түн демей еңбек етуде. Оның үстіне дезинфекциялау жұмысытары да қарқын алған. Зарарсыздандыру жұмыстарына 600-ге жуық адам атсалысуда. Бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасатын болады. Дезинфекциялау қала көшелерінде, көп қабатты үйлерде, аулалар мен жаяу жүргіншілер жолдарында, сондай-ақ, аялдамаларда, саябақтарда атқарылуда. Жалпы, залалсыздандыру жұмыстарына 50 автокөлік пен 600-ге жуық адам, 200-ге тарта әскери қызметкер жұмылдырылған.

970 қаралым