Жарияланды: 10.04.2020

Экспорт көлемі артқан

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 2 айында ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 23,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,0% немесе 0,5 млн. АҚШ долларына артты. 2020 жылдың 2 айында мал шаруашылығы бойынша тірідей 839 бас ІҚМ, 380 бас уақ мал, өсімдік шаруашылығы бойынша 3449 тонна басты пияз, 522 тонна томат, 512 тонна қырыққабат (капуста), 135 тонна тұрып (редька), 40 тонна сәбіз, 13 558 тонна ұн, 20 764 тонна картоп,  экспортталған. Бұл дегеніңіз қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары деген сөз. Басқарма басшысының айтуынша алда атқарылатын көптеген жоба, жоспарлар баршылық.

824 қаралым