Жарияланды: 10.04.2020

17 инвестициялық жоба іске асырылады

Шымкент қаласында инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде қарқынды алма бағы — 1, жылыжай салу — 4, тауарлы сүт фермасы — 2, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу — 1, құс шаруашылығын кеңейту — 4, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу — 2, сүтті қайта өңдеуді кеңейту — 1, мал бордақылау алаңын салу және кондитерлік өнім өндіру. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. аталған жобалар толық қарқынында жұмыс істей бастағанда қаланың экономикалық тұрғыда өсіп өркендеуіне орасан зор үлес қоспақ.

1 030 қаралым