«Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 260 млн теңгеге 6 жоба және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 723,5 млн. теңгеге 23 жоба бойынша жеңілдетілген несие қарастырылды. Оның ішінде 102,3 млн. теңге мемлекет тарапынан субсидияланған. Аталған бағытты қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттен 2 280,5 млн теңге, несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 500,0 млн теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 164,3 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Несиенің арқасында несібесін молайтатын іскер кәсіпкерлер қатары артып келеді. Мемлекеттен жасалып жатқан жеңілдіктердің арқасында шымкенттік кәсіпкерлер кәсібін кеңейтіп, сол арқылы қала қазынасына түсетін түсімді де молайтып отыр.