Жарияланды: 08.07.2018

Жеткен жетістік көп — 3

Түркістан облысындағы үздік компаниялардың бірі Карлскрона индустриалды

Инновациялық даму бағдарламасына қосқан үлесі мол. «Қазақстанның үздік тауары – 2015» байқауында ОҚО бойынша 2-ші орын иегері. Облыста бизнес рейтинг бойынша 1-ші орында, ал еліміз бойынша сапалы тауар өндіретін кәсіпорындардың ішінде 14-ші орында тұр. Бұл дегеніңіз «Қазақмыс», «Қазатомпром» сынды мүйізі қарағайдай іргелі кәсіпорындармен иық тіресіп тұр деген сөз. «Ұлттық чемпион» жобасы бойынша да жеңімпаз деп танылған болатын. Уәлихан Ахметов, «Karlskrona LC AB” ЖШС-нің бас директоры: «Кәсіпорынымыз бүгінде машинақұрастыру, метталлургия және инженерия саласында көшбасшыға айналды. Өндірісте 250 адам жұмыс істейді. Құрылғылар толық автоматтандырылған. Шикізат Қазақстаннан, Қытай, Ресейден алынады. Қазан айында болат құю зауытын ашу жоспарлануда. Аталмыш зауыт елімізде өндірілетін өнімдердің қатарын тағы да көбейтетін болады. Халықаралық стандартқа сай өндірілген өнімнің өтімділігі де өте жоғары. Кәсіпорын ең әуелі сапаға мән береді. Нарықта басқа бәсекелестерді басып озудың басты жолы да сапаның жоғарылығы. Өнім өндіретін құрылығылардың барлығы да премиум класқа жатады, яғни, өте жоғары технологиямен жасалған. Еуропалық стандартқа сай жұмыс істейді. Құрылғылар Германия, Жапониядан әкелінген. Ең басты ұстанымымыз – өнімнің жоғары сапалы болуы. Біздің кәсіпорынның өндіру технологиясы ТМД елдері бойынша жоқ. Бірінші артықшылығымыз – ғылыми дәлелденгені, екіншісі – жоғары технология. Біздің компания бизнесті, оның ішінде машина жасау саласын тиімді қолдау арқасында бүгінгідей биік белеске жетіп отыр. Біз өз өндірісіміз бен білікті мамандарымыздың арқасында машина жасау саласында  еуропалық сапаны жоғары деңгейге көтеріп, инновацияны ендірдік».

1 236 қаралым