Шымкент қаласының шетінде орналасқан «Сәуле» шағынауданы халық көп шоғырланған ірі аудан болып саналады. Мұнда әлеуметтік нысандар да көп. Бала саны артқандықтан мұнда екі мектеп салынған. Әскери бөлім, түзету мекемесі орналасқан. Ауқымды алып жатқан ірі шағынауданда тазалық мәселесі алдыңғы орында тұр. Тұрмыстық қалдықтарды «ЛТД Тұрмыс» серіктестігі шығарумен айналысады. Сондай-ақ шағынауданды серіктестіктіктің жұмысшылары тазалап тұрады. Қазіргі жағдайға байланысты залалсыздандыру жұмыстары да қоса жүргізілуде. Шағынаудан аумағында орналасқан №35748 әскери бөлімнің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен аудан аумағындағы «Сәуле» шағынауданында арнайы қорғаныс киімін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдарымен дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.
Жарияланды: 10.04.2020