Шымкент қаласындағы «Шұғыла» шағынауданында 1200 орынға лайықталған мектеп ғимаратындағы құрылыс жұмыстары аяқталып келеді.
Жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазір сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік кестеден кешікпеу үшін құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істеуде. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан нысанның сыртқы қабаты жазда ыстық, қыста суық өткізбейтін сапалы құрылыс материалымен қапталуда. Бұл өз кезегінде жыл сайын ғимараттың сыртқы қабатын әрлеу жұмыстарынан үнемдеуге сеп. «Шұғыла», «Солтүстік-Батыс» және «Самал 3» шағынаудандарынан оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Қарама қарсы бетте орналасқан №87 мектепте сынып жүктемесі көп. Сондықтан да мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуге жаңа мектептің қосар үлесі көп.