Жарияланды: 11.04.2020

Көпір пайдалануға берілді

Шымкент қаласындағы «Сайрам-су» өзенін кесіп өтетін көпірді қайта құру жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарлан-тын.  Біршама уақыт жүргізушілер айналма жол арқылы қатынап әбден әбіржіді. Енді міне Леңгір бағытына су жаңа көпірмен қатынайтын болады. Мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Көпір құрылысын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізді.  Айта кетсек, 433,87 млн теңгеге жобаланған көпірдің құрылыс жұмыстарына өткен жылы 200 млн. теңге бөлінген. Биыл қалған бөлігі игеріліп, көпір ел игілігіне берілді.

788 қаралым