Жарияланды: 11.04.2020

Тазалық шаралары жалғасуда

фото Н.Байбақ

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданына қарайтын «Сауле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында тазалық жұмыстары жүргізілуде. «Забадам», Химфарм» шағынаудандары Бадам өзенін жағалай орналасқан. Өзен жағасы тал дарақ отырғызылып, абаттандырылған шағын гүлзарға айналған. осы аумақтардағы қоқыстар шығарылып, тазаланды. Арнайы жүк көліктеріне артылып, қоқыс полигонына жөнелтілді.  Одан кейін залалсыздандыру жұмыстарына да көңіл бөлінуде.  Аталған жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті өз жалғасын табатын болады.

915 қаралым