Жарияланды: 13.04.2020

Тазалық саулық негізі…

Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталық аумағында орналасқан. Аумағының жалпы көлемі 14 мың га жерді құрайды. Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Статистикалық уәкілетті органның мәліметіне сәйкес, аудан аумағында халық саны 218 865, экономикалық белсенді халық саны – 124 704, балалар саны – 70 526, зейнеткерлер – 17 744, 10 ҰОС және 1201 тыл ардагерлері бар. Ауданда 73 өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелермен ұйымдар, 672 көпқабатты және 15 170 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Сонымен қатар, қала аумағындағы демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан, атап айтар болсақ аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Әл Фараби ауданында тазалық шараларына баса көңіл бөлінеді. Тұрғын үйлерден бөлек, аталған 13 саябақ тазалық мекемелерінің қамқорлығына алынған. Таңертеңімен тазалық шаралары жүргізіледі, ал ескерткіштердің күтімі де ойдағыдай. 11 субұрқақты жаз маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Су құбырларының кем-кетіктері жөнделіп, сырлау жұмыстары атқарылуда.

 

        

922 қаралым