Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағындағы қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарын мердігер «Royal Maks Grup» ЖШС атқаруда. Ауа райының күрт құбылуына қарай, басты және ішкі орамдық көшелердің бойында, көпқабатты тұрғын үй аулаларында ағаштардың құлауына байланысты электр жүйелері үзіліп, электр жарығы өшіп, аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай тудырды. Қазіргі уақытта, барлық коммуналдық қызметкерлер күшейтілген түрде жұмыс жасап, үзілген электр жүйелерін және сынған ағаш бұталарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Тазалық шаралары қарқынды орындалуда. Сонымен қатар, ҚР қорғаныс минитрлігіне қарасты «№35/748 әскери бөлімнің» әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен аудан аумағындағы маңызды нысандарды атап айтқанда: «Темір жол вокзалы», «Тәуелсіздік» саябағы мен «Чернобыль» аллеясы, «Қошқар-ата» демалыс аймағы, «Арбат», «Бекет батыр алеясы» сонымен қатар, қала көшелері, тротуарлар, аялдамалар, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарда тазалық шаралары күшейтілген түрде жүргізілуде. Одан бөлек, арнайы қорғаныс киімін киген әскери қызметшілер (Рубеж ерітіндісі) арнайы жуу құралдарымен дезинфекция жұмыстарын жүргізді.