Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан қоқысты шығару және залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аудан аумағында тұрғын үй саны көп болуына байланысты, кейбір аумақтарға қосымша қоқыс контейнерлерін қажет етеді. Аталған мәселені шешу мақсатында, ағымдағы жылы 400 қоқыс контейнерлірін алуға қаржы қаралып, қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Аталаған жұмыстар аяқталғаннан соң, қажетті орындарға жаңа қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.
Жарияланды: 13.04.2020